Nestlе Қазақстанда балалар тағамының бір бөлігін кері қайтарып жатыр
Қазақстанда Nestlé компаниясы балаларға арналған тағамның жекелеген партияларын ерікті түрде нарықтан қайтарып жатыр. Бұл туралы «Нестле Фуд Қазақстан» компаниясы хабарлады.
Кері қайтаруға құрғақ сүт қоспалары, қышқыл сүт негізіндегі өнімдер және аминқышқылдарына негізделген қоспалар жатады. Себеп — құрамдас бөліктердің бірі саналатын арахидон қышқылында цереулид атты токсиннің болуы мүмкін деген қауіп.
Аталған шикізатты сыртқы жеткізуші ұсынған. Компания бұл шараны Nestlé-дің жаһандық алдын алу саясаты аясында қабылдағанын мәлімдеді.
Тұтынушылардан көрсетілген партияларға жататын өнімдерді кері қайтару сұралады. Қандай тауарлар қамтылғаны және қайтару тәртібі туралы толық ақпарат компанияның ресми сайтында жарияланған.