Тоқаев Назарбаев пен Путиннің кездесуі туралы не ойлайтынын айтты
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев сұхбатында Ресей басшысы Владимир Путиннің Назарбаевтың сапары жөнінде алдын ала хабардар еткенін айтты.
Путиннің сөзінше, ол Қазақстанның экс-президентінің жеке өтініші бойынша қабылдауға келісім берген. Кездесу бейресми сипатта өткен.
Тоқаев мұндай әңгімелердің мазмұнына қызықпайтынын және оларды ешқашан талқыламайтынын атап өтті.
Сондай-ақ Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевты қазіргі қазақ мемлекеттілігінің негізін қалаушы ретінде тағы да атады.