Министрліктің хабарлауынша, заң бұзушылық компанияның YouTube платформасындағы бейне контентіне байланысты болған. Disney бірқатар видеолардың балаларға арналғанын арнайы белгілемеген. Соның салдарынан кәмелетке толмаған көрермендердің деректері ата-аналарының келісімінсіз жиналып, мақсатты жарнама жасау үшін пайдаланылған.
АҚШ заңнамасына сәйкес, балаларға арналған контент ерекше бақылауға алынуы тиіс. Алайда Disney бұл талапты сақтамағаны анықталған. Нәтижесінде балалардың жеке деректері тиісті қорғаныссыз қалған.
Айыппұл төлеуден бөлек, корпорацияға интернеттегі балалар деректерін қорғау жөніндегі заң талаптарын қатаң сақтауға бағытталған арнайы комплаенс-бағдарлама енгізу міндеттелді.
Айта кету керек, бұл Disney үшін 2025 жылғы екінші ірі қаржылық жаза болып отыр. Осы жылдың қыркүйек айында АҚШ-тың Бағалы қағаздар және биржалар жөніндегі комиссиясы да компанияны осындай сипаттағы заңбұзушылық үшін жауапқа тартқан болатын.