«Келіндеріммен қарсы аламын»: Ләйла Сұлтанқызы ене болуға дайындалуда
Тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы Жаңа жыл мерекесін отбасы ортасында қарсы алып, оқырмандарына ізгі тілегін жолдады.
Ол шетелде жүрген үлкен ұлы Сағадаттың елге келіп, жанында болғанына ерекше қуанышты екенін айтып, балаларының көз алдында есейіп кеткенін сезінгенін жеткізді.
«Бәлкім, алдағы Жаңа жылды келіндеріммен бірге қарсы алатын шығармын», — деген Ләйләнің бұл пікірі әлеуметтік желіде қызу талқыға түсті. Ал тележүргізуші өзі бұл сөзге әзілмен жауап беріп, «Келінге дайынмын», — деп жазды.