«Уақыт бәріне емші»: Мөлдір Мұқанова халыққа үндеу жасады
Мөлдір Мұқан әлеуметтік желідегі парақшасында жазба жариялап, өзіне қолдау білдірген жандарға ризашылығын жеткізді.
Оның айтуынша, халықтың ықыласы мен махаббаты — өзі үшін ең үлкен марапат. Қуанышта бірге қуанып, қиын сәттерде демеу болған жанашыр жандардың қолдауы баға жетпес бақыт екенін атап өтті.
«Уақыт — бәріне ем. Жүрегімде сыр сақтаулы, жүзімде сабыр бар. Айналамда жүрегі таза, ниеті ақ адамдардың көптігіне шүкір етемін. Жақсылықты ешқашан ұмытпаймын. Сіздерге деген алғысым шексіз. Кей сезімдерді сөзбен жеткізу мүмкін емес. Баршаңызды жақсы көремін», — деп жазды ол.