Бұл туралы америкалық БАҚ хабарлады. Алайда Пентагон мен Ақ үй бұл ақпаратты ресми түрде растаған жоқ.
Оқиғадан кейін Венесуэла президенті Николас Мадуро елде төтенше жағдай режимін енгізді. Елдің Сыртқы істер министрлігі АҚШ-ты әскери агрессия жасады деп айыптады.
БАҚ мәліметінше, соққы Каракастағы порт пен қорғаныс министріне қатысты нысандарға тиген болуы мүмкін. Венесуэла үкіметі бұл әрекетті халықаралық құқықтың өрескел бұзылуы деп бағалады.