weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Қазақ оқушылары робототехникадан әлем чемпионы атанды: төртінші жыл қатарынан тарихи жеңіс

Қазақстан оқушыларының робототехникадан Ұлттық құрамасы Панама-Ситиде өткен FIRST Global Challenge (FGC) 2025 бүкіләлемдік олимпиадасында қатарынан төртінші жыл айрықша жеңіске жетіп, тағы бір тарихи жетістікті тіркеді.

Қазақ оқушылары робототехникадан әлем чемпионы атанды: төртінші жыл қатарынан тарихи жеңіс

Әлемнің 190 елінен келген командалар арасынан қазақстандық оқушылар бірінші орынды иеленіп қана қоймай, бірден екі беделді алтын марапатқа қол жеткізді:

GRAND CHALLENGE AWARD (алтын) — роботтардың біліктілік ойындарында рекорд орнатып, абсолютті чемпион атанған командаға берілетін турнирдің бас жүлдесі;

ALBERT EINSTEIN AWARD (алтын) — үздік инженерлік шешімдер, жоғары техникалық шеберлік, командалық жұмыс пен көшбасшылық үшін табысталатын жоғары төрешілік марапат. Бұл жүлде кешенді артықшылық пен инновацияны ескере отырып беріледі.

Қазақстанның намысын NIS Алматы–Медеу мектебінің 9–10 сынып оқушылары — Рашат Досымжан, Дәулет Ілияс, Орынбасаров Алихан, Әсетұлы Мадиар және Тұрсымбаев Нұрасыл қорғады.
Команданың жаттықтырушылары — Нұрдәулет Досмағамбет, Асылбек Мұрзахметов және Дулат Байтуленов.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы бұл байқауда төрт жыл қатарынан жеңіске жетіп отыр:
Женева – 2022, Сингапур – 2023, Грекия – 2024, Панама – 2025.
Бұл жетістік елімізді халықаралық STEM-білім беру кеңістігіндегі абсолютті әлемдік көшбасшы ретінде бекіте түсті.

Маңызды жайт — осы төрт жыл ішінде ұлттық құраманың құрамы бірде-бір рет қайталанбаған. Яғни жыл сайын ел намысын жаңа оқушылар қорғап келеді.

Биылғы жарыс «Eco-Equilibrium» тақырыбына арналды. Ол жаһандық экологиялық мәселелерді шешу мен биоәртүрлілікті сақтауға бағытталған. Қазақстандық команда экожүйелерді қалпына келтіруге арналған тың көзқарас ұсынып, робот арқылы ойын алаңындағы кедергілерді жойып, биоәртүрлілік бірліктерін экожүйелерге дәл орналастыруға бағытталған күрделі финалдық тапсырманы сәтті орындады.

Ұлттық құраманың дайындығына ҚР Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы, USTEM Foundation қоғамдық қоры, Alem.AI халықаралық жасанды интеллект орталығы, сондай-ақ қазақстандық Cannect.AI стартапы қолдау көрсетті.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→