Дания қағаз хаттан толықтай бас тартқан әлемдегі алғашқы ел атанды
Дания қағаз хаттарды жеткізуден ресми түрде бас тартқан әлемдегі алғашқы мемлекет болды. Соңғы хат 30 желтоқсанда таратылып, осыдан кейін PostNord пошта қызметі хат тасымалдаудың 400 жылдық тарихын аяқтады.
Мұндай шешімге цифрландырудың қарқынды дамуы мен сұраныстың күрт төмендеуі себеп болған. 2024 жылы жеткізілген хаттардың саны 2000 жылмен салыстырғанда 90 пайызға азайған. Салыстыру үшін айтсақ, АҚШ-та соңғы жылдары пошта қызметінің көлемі шамамен 50 пайызға қысқарған.
Сонымен қатар PostNord ел аумағындағы 1 500 пошта жәшігін алып тастады. Оларды сатудан түскен қаражат қайырымдылық мақсаттарға бағытталды.