Киік пен барыс қалтада: Қазақстанның сирек жануарлары бейнеленген монеталар шықты
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі «Қазақстанның жануарлар әлемі» сериясымен жаңа биколорлы монеталарды айналымға шығарды.
Жинаққа еліміздің фаунасындағы бірегей бес жануар енді. Олар — киік, арқар, қар барысы, дуадақ және сұңқар.
Жаңа 100 теңгелік монеталар нибрасс пен нейзильбер қорытпаларынан жасалып, біртұтас стильде безендірілген. Әр монетаның салмағы — 6,45 грамм. Әр түрі 3 миллион данамен шығарылған, жалпы тираж — 15 миллион дана.
Бұл монеталар коллекциялық емес, Қазақстан аумағында еркін айналымға арналған.
Ұлттық банктің коллекциялық монеталарын жоғарыдан көруге болады.