Жаңалықтар

Қазақстан қысқы Олимпиадаға дайындыққа 13,3 млрд теңге жұмсады

Қазақстан XXV Қысқы Олимпиада ойындарына дайындыққа 13,3 млрд теңге бағыттады. Бұл туралы туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов мәлімдеді.

Төрт жыл ішінде ұлттық құрамалар 178 оқу-жаттығу жиынын өткізіп, 125 халықаралық жарысқа қатысқан.

Қаржы мынадай бағыттар бойынша бөлінген:

  • 5,3 млрд теңге – республикалық бюджеттен,
  • 6,2 млрд теңге – жергілікті бюджеттерден,
  • 1,2 млрд теңге – Туризм және спортты қолдау қоры есебінен,
  • 585 млн теңге – спорт федерацияларының қаражаты.

Сондай-ақ дайындық процесіне 13 шетелдік жаттықтырушы-кеңесші тартылған. Бөлінген қаржы оқу-жаттығу жиындарын өткізуге, жарыстарға қатысуға, спортшыларды экипировкалауға, қалпына келу шараларына және спорттық резервті дайындауға жұмсалған.