800 мың теңге: Қазақстанда ең жоғары жалақы алатын салалар
2025 жылдың үшінші тоқсанында Қазақстандағы кәсіпорындарда (шағын бизнес пен жеке кәсіпкерлерді қоса алғанда) орташа жалақы 412,6 мың теңгені құрады. Алайда кейбір салаларда бұл көрсеткіш 800 мың теңгеден асып отыр.
2025 жылдың үшінші тоқсанында жалдамалы қызметкерлердің орташа жалақысы ең жоғары болған сала — тау-кен өндіру және карьерлерді игеру. Бұл бағытта жұмыс істейтін қазақстандықтар орта есеппен 868 мың теңгетабыс тапқан.
Екінші орында қаржы және сақтандыру қызметі тұр. Банкирлер, сақтандыру агенттері мен брокерлердің орташа айлығы 825,6 мың теңгені құрайды.
Үшінші орынға ақпарат және байланыс саласы, оның ішінде IT сектор енеді. Бұл саладағы мамандардың орташа жалақысы 682 мың теңге болған.
Орташа деңгейден жоғары жалақы тіркелген өзге салалар:
- ғылыми және техникалық қызмет — 570,4 мың теңге,
- көлік және қоймалау — 555,9 мың теңге,
- өңдеу өнеркәсібі — 454,2 мың теңге,
- электр, жылу және газбен жабдықтау — 447 мың теңге,
- көтерме және бөлшек сауда — 424 мың теңге,
- құрылыс — 409 мың теңге.
Бұған дейін хабарланғандай, статистикада көрсетілген 19 саланың 8-інде нақты жалақының өсімі байқалған. Ең жоғары өсім жылжымайтын мүлік операциялары, құрылыс және ауыл шаруашылығы салаларында тіркелген.