Парламент Қазақстанның Құрылыс кодексін қабылдады
Бұған дейін, 2025 жылғы 26 қарашада Мәжіліс 1038 тармақтан тұратын заң жобасын мақұлдап, оны Сенаттың қарауына жіберген болатын.
Сенат тұрғын үйді күтіп-ұстау ережелеріне, жергілікті мәслихаттарға құжаттар ұсыну тәртібіне және жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеуге қатысты 27 өзгеріс енгізді.
«Экономикалық реформа және өңірлік даму комитеті Қазақстан Республикасының Құрылыс кодексіне Парламент Сенаты енгізген өзгерістер мен толықтырулармен келісуге болады деп есептейді», — деді депутат Мұрат Әбенов.
Енді заң жобасы президенттің қол қоюына жіберіледі.