Жаңалықтар

Үш жыл бойы тығылып жүрген: Қаңтар оқиғаласына қатысы бар Ресей азаматы Қазақстанға әкелінді

2022 жылғы Қаңтар оқиғаларына қатысы бар деп іздеуде жүрген Ресей Федерациясының азаматы Грузиядан Қазақстанға экстрадицияланды. Бұл туралы Бас прокуратура мен ҚР Сыртқы істер министрлігінің қолдауымен Ұлттық орталық бюро Интерпол хабарлады.

Ол Алматы қаласында болған жаппай тәртіпсіздіктерге қатысуға, азаматтарды ұрлауға және олардың мүлкін күш қолдану арқылы иемденген деген күдік бар. Ер адам үш жылдан астам уақыт бойы құқық қорғау органдарынан бой тасалап, халықаралық іздеуде болған.

Биылғы жылдың қыркүйек айында ол Грузия аумағында ұсталып, Қазақстан Бас прокуратурасының сұрауы бойынша елге экстрадицияланды. Қазіргі уақытта күдікті тергеу изоляторына қамалды.

Аталған қылмыстар үшін 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру және мүлкін тәркілеу жазасы көзделген.