Ол Алматы қаласында болған жаппай тәртіпсіздіктерге қатысуға, азаматтарды ұрлауға және олардың мүлкін күш қолдану арқылы иемденген деген күдік бар. Ер адам үш жылдан астам уақыт бойы құқық қорғау органдарынан бой тасалап, халықаралық іздеуде болған.
Биылғы жылдың қыркүйек айында ол Грузия аумағында ұсталып, Қазақстан Бас прокуратурасының сұрауы бойынша елге экстрадицияланды. Қазіргі уақытта күдікті тергеу изоляторына қамалды.
Аталған қылмыстар үшін 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру және мүлкін тәркілеу жазасы көзделген.