weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Төртінші қабаттағы пәтерде тоңазытқыш өртеніп, үй иесі күйік алды

Өрт сөндірушілер төрт адамды, оның ішінде екі баланы эвакуациялады.

Төртінші қабаттағы пәтерде тоңазытқыш өртеніп, үй иесі күйік алды
фото: Аиф Хабаровск

Қарағанды қаласында ер адам ас үйде шыққан өртті өздігінен сөндіруге тырысып, күйік жарақатын алды. Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады.

Оқиға Жекібаев көшесіндегі бес қабатты тұрғын үйдің бір пәтерінде болған. Ас үйдегі тоңазытқыштың жанғыш бөлшектері өртеніп, жоғары температураның әсерінен ас үй жиһаздары зақымдалып, керме төбе еріген.

Өртті өз бетімен сөндіру кезінде 32 жастағы пәтер иесі күйік алып, ауруханаға жеткізілді.

«ТЖМ қызметкерлерінің жедел әрекетінің арқасында құтқару қалпақтарын қолдана отырып, төрт адам, оның ішінде екі бала қауіпсіз жерге эвакуацияланды», – деп мәлімдеді министрліктен.

Электр сымдарының қысқа тұйықталуынан шыққан өрт қысқа мерзімде сөндірілді.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→