Әлем

Сицилияда Этна жанартауының белсенділігі күшейді

Италияның Ұлттық геофизика және вулканология институтының хабарлауынша, Этна жанартауының солтүстік-шығыс кратерінен биіктігі 400 метрге дейін жететін лава фонтаны атқылаған.

Жанартаудағы жаңа белсенділік 27 желтоқсан күні түстен кейін басталған. Лава ағындары жүздеген метрге көтеріліп, түтін мен күл бағаны шыңнан бірнеше шақырым биіктікке дейін шарықтаған.

Қалың бұлттылыққа байланысты жанартауды бақылау қиынға соғып отыр. Дегенмен кей сәттерде камераға лава атқылаулары мен кратер үстіндегі жарқын жарқылдар түсіп қалады. Бұл көрініс әсіресе ымырт түсе айқын байқалады.

Этна жанартауында маусым айында да күшті атқылау болған