«24 техника, 100 адам»: Астанада алапат өрт орын алды
Елордада өрт сөндірушілер Сарыарқа ауданындағы Ықылас Дүкенұлы көшесінде орналасқан үш қабатты ғимараттағы өртті сөндірді.
Ведомство мәліметінше, құтқарушылар күшейтілген шақыру режимінде жұмыс істеген. Оқиға орнында өрт сөндіру штабы құрылып, 100 қызметкер мен 24 техника жұмылдырылған.
Ғимарат ашық жалынмен жанып, шатырдың бір бөлігі опырылып түскен. 112 нөміріне зардап шеккендер туралы ақпарат түспеген.
Сағат 12:25-те Төтенше жағдайлар министрлігі өрттің 800 шаршы метр аумақта толық сөндірілгенін мәлімдеді.