Қылмыс

Өскеменде 38 жастағы ер адам өлі табылды

Өскеменде өткен аптада із-түзсіз кеткен 38 жастағы ер адамның мәйіті табылды.

1987 жылы дүниеге келген Ринат Ахметов 17 желтоқсанда жұмысынан шығып, үйіне қайта оралмаған. Ол жоғалған күні қара түсті шалбар, капюшоны бар қара күрте киіп жүрген. Қасында қара сөмкесі болған. Ерекше белгісі — оң көзінде протезі бар.

ШҚО полиция департаментінің мәліметінше, 21 желтоқсанда ер адамның ағасы құқық қорғау органдарына жүгінген. Осыдан кейін жедел іздестіру шаралары басталған.