Жаңалықтар

«Бір күн жоғалтпаймыз»: Зеленский маңызды хабармен бөлісті

Украина президенті Владимир Зеленский елдегі жағдайға байланысты бірқатар маңызды шешімдер Жаңа жылға дейін қабылдануы мүмкін екенін мәлімдеді. 

Оның айтуынша, алдағы күндері АҚШ президенті Дональд Трамппен жоғары деңгейдегі кездесу өткізу ықтималдығы бар. Бұл туралы мемлекет басшысы өзінің Telegram парақшасында жазды.

Зеленский АҚШ-пен келіссөздер жүргізуге жауапты украин делегациясын басқаратын, Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесінің хатшысы Рустем Умеровпен кездескенін және сол кездесу нәтижелері туралы ақпарат алғанын жеткізді.

«Біз бір күнді де босқа өткізбей тұрмыз. Жуық арада Трамппен жоғары деңгейде жүздесуге уағдаластық. Жаңа жылға дейін көптеген мәселелердің нүктесі қойылуы мүмкін», — деп жазды ол.