Шоубиз

“50 жыл сахнада!»: Роза Рымбаева СҮЙІНШІ жаңалығымен бөлісті

Қазақстанның халық әртісі, әйгілі әнші Роза Рымбаева әлеуметтік желідегі парақшасында жаңа жазба жариялады. 

Өнер жұлдызы Instagram-дағы ресми аккаунтында алдағы уақытта жаңа концерт өтетінін мәлімдеді.

«50 жыл сахнада! Жуырда!» — деп жазды Роза Қуанышқызы.

Роза Рымбаева — Ленин комсомолы сыйлығының және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының лауреаты. Сондай-ақ ол «Парасат», «Құрмет», Халықтар достығы ордендерімен марапатталған. Әнші кино өнерінде де өзін сынап көріп, бірнеше деректі және көркем фильмдерге түскен. Көп жыл бойы жас орындаушыларға тәлім беріп, қазақ эстрадасының дамуына зор үлес қосып келеді.