«Менсінбеген сияқты»: Роза Рымбаеваның әншілерге көзқарасы талқылануда
Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаеваның әріптестері ұйымдастырған тосынсый құттықтау сәті әлеуметтік желіде кеңінен талқыланып жатыр.
Жарияланған видеода бірнеше әнші Роза Қуанышқызына Жаңа жылға арналған әнмен құттықтау білдіреді. Сол сәтте Рымбаеваның «Не болды, қыздар?» деп сәл тосылып қалғандай жауап беруі көпшіліктің назарын аударған.
Желі қолданушылары бұл жайтқа әртүрлі пікір білдіруде: бірі әншінің реакциясын салқын қабылдады десе, енді бірі құттықтау расымен күтпеген жерден болғанын айтады. Сонымен қатар, бұл жағдайды жұртшылық бұған дейін Мақпал Жүнісоваға жасалған осындай құттықтаумен салыстырып, екі әртістің көңіл күйін талқылауда. Қоғамда пікірталас әлі де басылар емес.