Ресей бомбалаушы ұшақтарын Ұлыбритания бағытына жіберді: НАТО жауап қайтарды
The Mirror басылымының жазуынша, Ресейдің стратегиялық бомбалаушы ұшақтары Ұлыбританияға қарай бет алғаннан кейін, НАТО елдері жедел түрде жойғыш ұшақтарын көкке көтеруге мәжбүр болған.
Ресей Қорғаныс министрлігі бұл ұшуды Баренц пен Норвег теңіздерінің бейтарап әуе кеңістігінде өткен «жоспарлы жаттығу» деп түсіндірді.
Дегенмен, сарапшылар мұны Ресейдің НАТО мемлекеттеріне жақын аймақтарда әдейі қысым көрсетіп, арандатушылық сипаттағы әрекеттерді жиі қайталап келе жатқанының кезекті көрінісі деп бағалайды.
Айта кетейік, бүгін Польша Әуе күштері де ел шекарасына таяу маңда ұшқан ресейлік барлау ұшағын әуеде тосып алған.