Жаңалықтар

Шымкенттегі қоғамдық дәретхана әлемнің ең үздік дәретханасы атанды

Шымкентте орнатылған смарт-дәретханалар 2025 жылы өткен World Toilet Summit халықаралық саммитінде әлемдегі ең үздік жоба ретінде танылды. Бұл туралы newsroom.kz порталы Otyrar басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Санитарлық тораптарда сенсорлы қолжуғыштар, унитаздар және басқа да жабдықтар орнатылған. Мұның барлығы тікелей жанасуды азайтып, гигиена деңгейін арттыруға мүмкіндік береді.

«Басты назар гигиеналық тәсілге аударылған. Барлығы дерлік — қол тигізбей қолдануға арналған. Қолжуғыштан бастап унитазға дейін сенсорлы. Бұл жанасуды азайтып, әлдеқайда тазалықты қамтамасыз етеді», — деді жоба директоры Мақсат Әлиханов.

Қазіргі таңда Шымкентте осындай бес смарт-дәретхана жұмыс істеп тұр. Онда ауаны автоматты тазарту жүйесі, душ аймақтары және бала ауыстыру үстелдері қарастырылған.

Бұған дейін Астанада әлемдік дәретхана саммитін өткізу ұсынылғанын жазғанбыз.

Сондай-ақ, Шетелдік турист жол бойындағы дәретханаларды сынға алған еді.