Италияда газ тасымалдаған фура жол үстінде жарылды
Италияда Милан–Неаполь автомагистралінде сұйытылған газ тасымалдаған жүк көлігі жарылып, қуатты жарылыс болды. Оқиға сәрсенбі, 24 желтоқсан күні тіркелді.
Алдын ала мәліметке сәйкес, екі фураның соқтығысуы салдарынан аспанға алып от шары көтеріліп, апат орны қою қара түтінге оранған. Жанған техниканың түтіні жолдың үлкен бөлігін басып қалған.
Қуанышқа қарай, адам шығыны жоқ. Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, екі жүргізуші де жарылысқа дейін көліктерінен шығып үлгерген.
Апаттың нақты себептері мен мән-жайы анықталуда, деп хабарлайды Today.