Жаңалықтар

Тоқаев министрлерді жауапкершіліктен жалтарғаны үшін сынға алды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Астананы дамыту мәселесіне арналған кеңесте Үкімет мүшелерінің шешім қабылдаудан қашып, жауапкершілікті орынбасарларына ысыра салуын қатаң сынға алды.

Президенттің айтуынша, ауру-сырқау, іссапар немесе құқық қорғау органдарынан қауіптену сынды себептер ешқандай ақтауға жатпайды. Ол күштік құрылымдардың негізсіз түрде министрліктердің жұмысына араласуына жол беруге болмайтынын атап өтті.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы Үкімет қызметіне кедергі келтіру мемлекеттік маңызы бар қылмыс саналатынын ерекше атап өтті.