Жаңалықтар

Алматыда жолаушы автобустан құлап омыртқасын сындырды

Алматыда қоғамдық көлікте болған оқыс оқиға салдарынан әйел адам жүріп бара жатқан автобустан құлап, омыртқасын сындырды. Зардап шеккен тұрғын бұл жағдай туралы әлеуметтік желіде видео жариялап, оқиғаның мән-жайын баяндады.

Оның айтуынша, оқиға 21 желтоқсанда №104 бағытындағы автобуста болған. Әйелдің сөзінше, алған жарақатына қарамастан, ол бірнеше полиция бөлімшесіне жүгінгенімен, арызы қабылданбаған.

Алматы қалалық полиция департаменті аталған факті бойынша тексеру басталғанын хабарлады. Қазіргі таңда оқиғаның барлық мән-жайы, сондай-ақ қоғамдық көлік жүргізушісі мен жолаушының әрекеттері жан-жақты зерделеніп жатыр.

Автобус иесі саналатын «Олжас ЛТД» автопаркі де оқиғаның болғанын растады. Компания өкілдерінің мәліметінше, жүргізуші басқа жолаушылармен бірге жедел жәрдем шақырған.

Сонымен қатар автопарк өкілдері зардап шеккен азаматша компанияға ресми түрде өтініш білдірген жағдайда, тасымалдаушының азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру шеңберінде оның денсаулығына келтірілген зиянды өтеу мәселесі қарастырылатынын атап өтті.