weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

KazTAG бас редакторы Әмір Қасенов ұсталды

KazTAG агенттігінің бас редакторы Әмір Қасеновтың ұсталғанын басылым иесі Асет Матаев Telegram-арнасында хабарлады.

KazTAG бас редакторы Әмір Қасенов ұсталды
Фото: Әмір Қасеновтың Facebook парақшасынан

«Жаңа ғана Астана қаласының Есіл аудандық полиция бөлімінде тергеу әрекеттеріне сағат 19:00-де шақырылған KazTAG бас редакторы Әмір Қасеновтың адвокаттары оның ұсталғанын мәлімдеді. Мұны құқық қорғау органдары мен тапсырыс берушілер тарапынан, атап айтқанда Турлов пен Freedom Finance жағынан жасалған құқықтық бассыздық деп санаймын», – деп жазды Асет Матаев.

Бұған дейін Әмір Қасенов Facebook парақшасында өзінің адвокаты Ерлан Макеновтың сол сәтте басқа қалада тергеу шараларына қатысып жатқанын, алайда Есіл аудандық полиция бөлімінің бұл жайтты елемегенін айтқан. Оның сөзінше, өзін шұғыл түрде келуге мәжбүрлеген, бірақ ресми шақырту қағазы берілмеген.

Осыған дейін KazTAG бас редакторы Freedom Finance туралы агенттік жарияланымдарына байланысты қозғалған қылмыстық іс аясында Алматы полициясы тарапынан заңсыз тергеу әдістері мен психологиялық қысым болғанын ашық мәлімдеген еді. Ол істің процессуалдық заңбұзушылықтармен қозғалғанын, редакцияға тиісті түрде хабар берілмегенін және қысымның жүйелі сипат алғанын айтты. Ал Алматы қалалық полиция департаменті мен ҚР Бас прокуратурасы азаптау мен процессуалдық нормалардың бұзылғаны туралы айыптауларды жоққа шығарды.

KazTAG агенттігі басшылығына қатысты қылмыстық іс Freedom Finance компаниясының арызы негізінде қозғалғаны 8 желтоқсанда белгілі болды. 9 желтоқсанда Алматыда өткен журналистермен кездесуде Freedom Holding Corp. холдингінің негізін қалаушы Тимур Турлов өз ұстанымын білдірді. Кейін бұл іске байланысты «Әділ сөз» сөз бостандығын қорғау халықаралық қоры мен вице-премьер – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева да пікір айтты. 10 желтоқсанда KazTAG бас редакторы Тимур Турловпен бетпе-бет кездесу өткізуді талап еткен.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→