Қостанайда медицина саласында 2 млрд теңге жымқырылды
Қостанай облысы прокуратурасының мәліметінше, бірқатар медициналық ұйымдар сұранысқа ие емес жабдықтарды нарықтағы бағадан бірнеше есе қымбатқа сатып алған.
Келтірілген шығын көлемі 2 млрд теңгеден асқан. Аталған деректер бойынша қылмыстық істер қозғалды.
Тергеу аясында облыстық денсаулық сақтау басқармасының бұрынғы басшысы мен қазіргі орынбасары, бір ауданның бас дәрігері және медициналық жабдық жеткізуші ұсталды.
Қазір тергеу жалғасып жатыр.