2026 жылдан бастап жеке куәлік алу тегін, алайда басқа құжаттар қымбаттады
Қазақстанда 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап бірқатар құжаттарды рәсімдеу құны өседі. Бұған айлық есептік көрсеткіштің (АЕК) ұлғаюы себеп.
2025 жылғы 8 желтоқсанда қабылданған «2026–2028 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заңға сәйкес, келесі жылы АЕК мөлшері 4 325 теңге болып бекітілді. Салыстыру үшін айтсақ, 2025 жылы бұл көрсеткіш 3 932 теңге болған.
АЕК-тің өсуі мемлекеттік баждарға да тікелей әсер етіп, құжат рәсімдеу бағасы қымбаттайды.
2026 жылы құжаттардың құны төмендегідей болады:
– 36 беттен тұратын қарапайым паспорт – 8 АЕК немесе 34 600 теңге
(2025 жылы – 31 456 теңге)
– 48 беттік паспорт – 12 АЕК, яғни 51 900 теңге
(2025 жылы – 47 184 теңге)
– Балалар паспорты – 4 АЕК немесе 17 300 теңге
(2025 жылы – 15 728 теңге)
– Жеке куәлік – 0,2 АЕК, 865 теңге
(2025 жылы – 786 теңге)
– Жеке куәлікті бір жыл ішінде екі реттен көп жоғалтқан жағдайда – 1 АЕК
(4 325 теңге)
– Жүргізуші куәлігін алу – 1,25 АЕК немесе 5 406 теңге
Неке мен отбасыға қатысты қызметтер де қымбаттайды:
– Некеге тіркеу туралы куәлік – 1 АЕК (4 325 теңге)
– Ажырасу кезінде төленетін мемлекеттік баж – 2 АЕК, яғни 8 650 теңге
(2025 жылы – 7 864 теңге)
Ал туу туралы куәлік бұрынғыдай тегін беріледі. Алайда құжат жоғалған жағдайда оны қайта алу үшін 0,5 АЕК(2 163 теңге) төлеу қажет.