Жапония атом энергетикасына қайта бет бұрды: елдегі ең ірі АЭС іске қосылуы мүмкін
Дүйсенбі күні Жапонияның Ниигата префектурасы заң шығарушы жиналысы өңір губернаторы Хидэё Ханадзумине сенім вотумын білдіріп, елдегі ең ірі атом электр станциясының жұмысын қайта бастау туралы шешімді қолдады.
Губернатордың айтуынша, бұл қадам Жапонияның энергия қауіпсіздігін арттыруға бағытталған.
«Мені алаңдататын энергия көздеріне тәуелді болмайтын кезеңді көргім келеді», – деді ол.
Қабылданған шешім Жапонияның атом энергетикасына қайта оралуындағы маңызды кезең ретінде бағаланып отыр. Ел бұл саладан шамамен 15 жыл бұрын, Фукусима-1 АЭС-індегі апаттан кейін шегінген болатын.
Сөз болып отырған нысан – Касивадзаки—Карива АЭС. Ол қуаты жағынан Жапониядағы ғана емес, әлемдегі ең ірі атом электр станцияларының бірі саналады. Станцияның қайта іске қосылуы елдің энергетикалық саясатына елеулі өзгеріс әкелуі мүмкін.