Жаңалықтар

Алматы университетінде студент оқытушыны жарақаттады

Алматыда ALT University студенті оқытушыға пышақпен жарақат салды.

Алғашында оқиға студенттің алған бағасына байланысты болуы мүмкін деген жорамал айтылған. Алайда университет бұл мәліметті жоққа шығарды. Оқу орнының түсіндіруінше, күдікті басқа кафедрада оқиды, ал зардап шеккен оқытушы оған сабақ бермеген әрі екеуі бір-бірін жеке танымайды. Қақтығыстың нақты себептері әлі анықталу үстінде.

Qumash дерегінше, студенттің топтастары оның бұрын агрессия танытпағанын, мінезі сабырлы әрі тұйық болғанын айтқан.

Оқиғадан кейін күдікті құқық қорғау органдары тарапынан ұсталды. Жарақат алған оқытушы медициналық тексеруден өтіп, үйіне жіберілген. Университет мәліметінше, алған жарақаттары жеңіл, өміріне қауіп төнбейді.