Шоубиз

Сүйінші! Жанболат пен Жазира келіндерімен танысты

Әнші Жазира Байырбекова әлеуметтік желідегі парақшасында көптен күткен жағымды жаңалығын жариялады.

Жұлдызды жұп Жанболат пен Жазираның жалғыз ұлы Қазыбек жақын арада отбасын құрмақ. Өнер иесі болашақ келінімен алғаш рет жүздескенін айтып, көпшілікпен сүйінші бөлісті.

«Болашақ келініммен алғаш рет таныстым», – деп жазды Жазира Байырбекова.

Желі қолданушылары әншіні құттықтап, ақжарма тілектерін жаудырды.