«Біз мұны асыға күттік»: Динара Сәтжан тың жаңалығын бөлісті
Белгілі журналист Айнұр Ильясова әлеуметтік желідегі парақшасында көптен күткен ерекше жобаның дайын екенін хабарлады.
Оның айтуынша, жуырда Динара Сәтжанмен бірге арнайы жаңа жылдық эфир түсірілген. Журналист бұл жобаны бір жыл бойы күткендерін атап өтті.
«Біз мұны бір жыл күттік! Кеше Динара Сәтжанмен жаңа жылдық эфир жаздық. 31 желтоқсанда көрерменге жол тартады», – деп жазды Айнұр Ильясова.
Жазба желі қолданушылары арасында қызу талқыланып, көпшілік жылы лебіздерін білдірді. Оқырмандар Динара Сәтжанның энергиясына жоғары баға беріп, алдағы эфирдің жоғары деңгейде өтетініне сенім білдірді.