Қасым-Жомарт Тоқаевты Токиода император Нарухито қарсы алды
Қазақстан Президентінің Жапонияға ресми сапары жоғары деңгейдегі кездесуден басталды. Тараптар ауқымды келіссөздер өткізіп, бірқатар маңызды құжаттарға қол қоюды жоспарлап отыр.
Токио қаласындағы императорлық сарайда Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты Жапония императоры Нарухито салтанатты түрде қабылдады. Бұл кездесу Мемлекет басшысының Жапонияға жасаған ресми сапары аясында өтті.
Алдағы күндері Қазақстан мен Жапония өкілдері саяси, сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастық мәселелерін қамтитын келіссөздер жүргізеді. Ақорданың мәліметінше, сапар қорытындысында жалпы құны 3,7 миллиард АҚШ долларын құрайтын бірқатар екіжақты келісімдерге қол қойылады.