weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

«Темір азу» есін жиды — КСРО-дағы ең атышулы маньяк туыстарымен сөйлесуге рұқсат алды

Telegram-дағы Shot арнасының хабарлауынша, КСРО кезеңіндегі ең атышулы сериялық қылмыскерлердің бірі, адамжегіш ретінде танылған Николай Жұмағалиевтің жағдайы тұрақтандырылған. «Темір азу» және «Сатана» деген лақап аттармен белгілі маньяк Қазақстандағы психиатриялық ауруханада есін жиған.

«Темір азу» есін жиды — КСРО-дағы ең атышулы маньяк туыстарымен сөйлесуге рұқсат алды
Фото: shot арнасы

Shot мәліметінше, шизофрения диагнозымен мәжбүрлі ем қабылдап жатқан Жұмағалиевке соңғы 35 жылда алғаш рет туыстарымен телефон арқылы байланысуға рұқсат берілген. Ол қазір Алматы облысындағы Ақтас ауылында орналасқан психиатриялық ауруханада емделіп жатыр.

Ондаған жыл бойы науқас толықтай есінен айырылған күйде болған, анық сөйлей алмаған. Дәрігерлер түрлі ем тәсілдерін қолданып көрген, тек соңғы әдіс қана нәтиже берген. Қазір Жұмағалиев сұрақтарға жауап беріп, қалыпты түрде сөйлесе алады.

Жуырда аурухананың бас дәрігері пациенттің жағдайы қанағаттанарлық екенін растаған. Осыған байланысты оған 5 минутқа туыстарымен телефон арқылы сөйлесуге рұқсат етілген. Маньяк племянницасы Еркежанмен байланысуды сұраған. Ол келісімін берген. Енді, ауруы қайта асқынбаса, Жұмағалиев айына екі рет туысымен сөйлесе алады. Алайда дәрігерлер шизофренияның қайта белсенді кезеңге өту қаупі бар екенін ескертеді.

Николай Жұмағалиев 1979 жылдан бастап адам өлтіре бастаған. Ол тас жол маңынан әйелдерді алдап әкетіп, олардың қанын ішіп, етін жеген. Өзінше бұл әрекеттер оған «ерекше қабілет береді» деп сенген.

Жеке детектив Максим Заболотныйдың айтуынша, Джумағалиев бұрынғы қыздарынан жыныстық жолмен жұғатын ауруларды жұқтырған соң, әйелдерді «таза емес» деп санай бастаған.

«Осыдан кейін ол әйелдерге қарсы “аңшылықты” бастады. Алғашқы қылмысына өте мұқият дайындалған», — деген Заболотный.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→