Бишімбаевтар отбасы Салтанат Нүкенованың 40 күндігіне 1,5 млн теңге берген
Астанада Бекзат Кемеловаға қатысты, шамамен 1 млн доллар көлеміндегі алаяқтық ісі бойынша өтіп жатқан сот жалғасып жатыр. Бүгін экс-министр Қуандық Бишімбаевтың әкесі — Вәлихан Бишімбаев куә ретінде сұралды.
Оның айтуынша, күдіктінің күйеуі Қайрат Кемелов (оның бөле інісі) марқұм Салтанат Нүкенованың отбасына 40 күндік асқа арнап 1,5 млн теңге берген. Ақшаны Кемелов өзі бастама көтеріп, марқұмның әкесіне тікелей тапсырған.
Бишімбаевтың сөзінше, жерлеуден кейінгі төркін-құда жақтың бас қосуы әдеттегі көңіл айту жиналысы ғана болған, қандай да бір «мәселе талқылау» болмаған.