Мароккодағы жұмбақ апат: бір сәтте екі үй құлап, 8 отбасы қаза тапты
Мароккода екі үй құлап, 19 адам қаза тапты: ондаған тұрғын жараланған
Фес қаласында іздестіру-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр.
10 желтоқсанға қараған түні Марокконың Фес қаласындағы Әл-Массира ауданында екі төрт қабатты тұрғын үй опырылып түсті. Оқиға кезінде ғимараттарда сегіз отбасы болған.
Жергілікті Hespress басылымының дерегіне сай, апат салдарынан 19 адам көз жұмды, тағы 16 тұрғын жарақат алды.
Зардап шеккендер әртүрлі дене жарақаттарымен Фес университеттік ауруханасына жеткізілді. Құлаудың нақты себебі әзірге белгісіз. Оқиға орнында құтқарушылардың жұмысы әлі жалғасуда.