Әкімнің айтуынша, бөлінетін қаражат BRT және LRT желілерін дамытуға, сондай-ақ қоғамдық көліктің өзге де түрлерін енгізуге жұмсалады. Бұл шаралар мегаполистің бүкіл көлік жүйесін жаңғыртудың негізгі тетігі болмақ.
Дархан Сатыбалды атап өткендей, қазіргі шығыстарды оңтайландырудың нәтижесінде даму бағыттарына көбірек қаржы бөлуге мүмкіндік туды. 2026 жылы экономикалық өсімді ынталандыруға 850 млрд теңге қарастырылған, бұл жергілікті бюджеттің жалпы шығындарының үштен бірі.