Министрдің айтуынша, елдің мәдениеті мен қоғамдық өмірінің дамуына айрықша үлес қосқан тұлғалар түрлі дәрежедегі марапаттарға ие болды.
Актер Еркебұлан Тоқтар «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атағымен марапатталды.

Сондай-ақ «Құрмет» ордені екі азаматқа табысталды:
– Конфессияаралық және дінаралық диалог орталығы жанындағы Съезд бастамаларын іске асыру департаментінің бұрынғы басшысы Қарлығаш Қалилаханова,
– «Грэмми» жүлдесін алған алғашқы қазақстандық музыкант Иманбек Зейкенов.
Аида Балаева марапат иелерін құттықтап, ел игілігі жолындағы еңбектері үшін алғыс білдірді.