Жаңалықтар

Пойыз келе жатқан: Көлік шлагбаумға қарамай теміржол өткеліне кіріп кеткен

Ақмола облысында теміржол өткелінде болуы мүмкін жол-көлік оқиғасының алды алынды.

Шортанды станциясында жүк пойызы сағатына 55 шақырым жылдамдықпен келе жатқан. Сол сәтте жеңіл көлік тыйым салынған белгіге қарамай, шлагбаум жабық тұрса да, теміржол өткеліне кенет кіріп кеткен.

Машинист жылдам әрекет етіп, пойызды шұғыл тежегендіктен, соқтығыс болмады. Ал көлік жүргізушісі оқиға орнынан қашып кетіпті. Пойыз 10 минутқа кідіріп, жолын жалғастырған.

КТЖ өкілдері теміржол өткеліндегі дабыл жүйесі мен жарықтандыру толық жұмыс істеп тұрғанын атап өтті. Оқиғаға қатысты материалдар полицияға жолданды.