Жаңалықтар

Ақтөбеде шетелдіктер мінген автобус жол апатына ұшырап, 5 адам қаза тапты

Автобус жол жиегіне құлап кеткен

7 желтоқсан күні Ақтөбе облысының Әйтеке би ауданында «Пермь – Ташкент» бағытындағы Yutong маркалы жолаушылар автобусы апатқа ұшырады. Оқиға республикалық маңызы бар трассаның 1028-шақырымында болды. Автобус жол жиегіне құлап, аударылған.

Өзбекстанның Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, автобуста болған 49 жолаушының бесеуі қаза тапқан. Марқұмдардың екеуі – Өзбекстан азаматтары.

Министрлік Қазақстандағы әріптестерімен бірлесіп, қаза болғандарды отанына жеткізу және жерлеу рәсімдерін ұйымдастыру үшін барлық қажетті шараларды қабылдап жатқанын мәлімдеді. Сонымен бірге оқиғаның себептерін анықтау бойынша бірлескен жұмыс тобы құрылған.

Біз оқиғаға қатысты ақпарат алу үшін облыстық полиция департаментіне сұрау жолдадық, жауап әлі түскен жоқ.