Маңғыстауда босану кезінде серіктес алып кіруге тыйым салынды – себебі неде?
Маңғыстау облысында серіктестік босануға (адамның босану кезінде бірге кіруі) уақытша шектеулер енгізілді. Бұл шешімді санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы қабылдады.
Ведомствоның мәліметінше, мұндай қадам өңірде ЖРВИ ауруларының көбейуіне байланысты жасалып отыр.
Шектеу жүкті әйелдер мен жаңа туған сәбилер арасында инфекцияның таралу қаупін төмендету мақсатында енгізілген.
«Шектеулер тек уақытша, эпидемиологиялық жағдай тұрақтанғаннан кейін қайта қаралады», – деп хабарлады санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы.