«50-ге жақындап, ерсі қылық жасады»: Мадина Садуакасова сынға қалды
Отандық әнші Мадина Сәдуақасова әлеуметтік желіге жаңа сурет жүктеп, тағы да желі қолданушыларының сынына қалды.
Қысқы демалысын отбасымен Таиландта өткізген әнші тілін шығарып түскен фотосын жариялаған соң, көпшілік оны сынға алды.
Instagram парақшасында ол:
«2024 жылға күш жинап алдық. Таиландтың +36 градус ыстығында демалдық. Андаман теңізінің тұзды суы, SPA, смузи, шырын… Рахмет саған, Тай! Алда жоспар да, жұмыс та көп. Жаңа күшпен жаңа дүниелер бастаймыз», — деп жазды.
Алайда суреттегі қылығы жұртқа жақпай қалған сияқты. Көпшілік оның мұндай әрекеті жасына сай келмейтінін айтып, пікір қалдырған.
Желі қолданушылары: «Тіліңізді шығарғаныңыз жараспайды, ұят екен», «Елуге жақындаған әйелге бұлай түсу жараспайды», «Өзіңізге лайықты қылық жасаңыз», «Тіл шығарып түсу ерсі көрінеді», — деп жазған.