Оның айтуынша, 2024 жылдың қазанында олар бірге УЗИ-ге барып, болашақ ата-ана ретінде бақытты көрінген. Алайда бір аптадан кейін жігіт түнгі үште оны үйінен қуып шығып, «бұл менің балам емес» деп бас тартқан. Сол күннен бері ол жас ананың өмірінен түгелдей жоғалған.
«Тоғыз ай бойы бір рет хабарласқан жоқ. Барлық қиындықты анам екеуміз көтердік», — дейді Назерке.
Босанғаннан кейін де жағдай өзгермеген. Перзентханадан шығарда жігіт бәрі қалыпқа келеді деп уәде бергенмен, сол күні-ақ қайта жоғалып кеткен. Назеркенің сөзінше, көпшілік жігітті марқұм ақынның ұлы болғаны үшін ақтауға тырысады.
«Әкесінің аты оған қамқорлық, ал менің тартқан азабымды ешкім ойламайды», — деп жазды ол.
Әлеуметтік желі қолданушылары Оразалы Досбосыновтың есімін қорламауға шақырып, сынның көп бөлігі оның ұлына бағытталуда.