Қатыгез өлім: Алматыда әкесі мен баласы өрттен қайтыс болды
Алматы облысындағы «Нарынқол» шекара заставасы аумағында орналасқан қызметтік тұрғын үйде өрт шығып, оны облыстық ТЖД мамандары толық сөндірді.
Оқиға салдарынан бір әскери қызметші мен оның баласы қайтыс болды. Қайғылы жайт бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған.
Шекара қызметі марқұмдардың жақындарына қайғыра көңіл айтып, қажетті барлық көмектің көрсетіліп жатқанын мәлімдеді.