Sportroom

«Қаңғыбас»: Жәнібек Әлімханұлы күлкіге қалды

Жәнібек Әлімханұлынан жеңілген британдық боксшы Дензел Бентли қазақстандық спортшыға қатысты тараған допинг дауы жөніндегі ақпаратқа тұрпайы пікірлерімен жауап берді.

Допинг жайлы хабар тараған сәттен бастап Бентли X платформасында талқылауға белсенді араласып, қолданушылардың сыни жазбаларын бөлісіп қана қоймай, өзі де өткір пікірлер қалдырған.

Оның жазбаларының бірінде боксшы Әлімханұлын балаларды қорқытатын «бугименге» теңеп:

«Құрып кеткір, жалған бугименнің өзі допинг тестінен өте алмай қалыпты», – деп кекетті.

Тағы бір жазбасында ол қазақстандық спортшыны «қаңғыбас» деп атаған.