Әлем

«Еуропаны өкіндіремін, Путинды қолдаймын»: Рамзан Қадыров мәлімдеме жасады

Чешен республикасының басшысы Рамзан Қадыров Ресей президенті Владимир Путиннің сөзіне қатысты өз пікірін білдірді.

Telegram желісіндегі жазбасында Қадыров: «Бұйрығыңызды күтіп отырмыз» деп, Еуропа тарапынан қысым күшейсе, «өздері-ақ алдыңызда құрдай жорғалап, кешірім сұрайды» деп мәлімдеді.

Еске сала кетсек, бұған дейін Владимир Путин Ресейдің Еуропамен соғыс бастау жоспары жоқ екенін айтқан.

Алайда Еуропа алғашқы қадам жасайтын болса, Мәскеу «бірден дайын» болатынын және мұндай жағдайда «келіссөз жүргізетін ешкім қалмайтын» сценарий мүмкін екенін ескерткен еді.