Енді самокат айдау үшін жүргізуші куәлігі болуы керек
Қазақстанда электрсамокаттарды пайдалану ережелері қатаңдайды. Мәжіліс құқықбұзушылықтардың алдын алу жөніндегі түзетулерді мақұлдап, жалға берілетін самокаттарды көлік құралдары санатына қосуды көздеп отыр.
Жаңа нормаларға сәйкес:
- Электросамокаттарда тіркеу нөмірі болуы тиіс;
- Оларды басқару үшін азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру міндеттеледі;
- Самокатты тек 18 жастан асқан және жүргізуші куәлігі бар азаматтар ғана мінеді.
Сонымен бірге әр самокатқа жылдамдықты көрсететін арнайы құрылғы орнатылады.
Ереже бұзған компанияларға:
- алғашқы жағдайда — 20 АЕК (2025 жылы 78 640 теңге),
- қайталанса — 40 АЕК (157 280 теңге) айыппұл салынады.
Түзетулер жалға беру сервисіне әрбір самокатты жеке-жеке тіркеуді де міндеттейді.