Ұлттық банк мәлімдеуінше, қазіргі экономикалық жағдайда мөлшерлемені төмендетуді емес, мүмкін болатын жаңа қатаңдатуды талқылау өзекті болып тұр. Егер инфляциялық қысым күшейсе, реттеуші одан да батыл шаралар қабылдауға дайын.
- Инфляцияның бәсеңдеуі әлі де біркелкі емес.
- Азық-түлік бағасының өсімі 13,5% деңгейіне дейін жеделдеді.
- Қызмет көрсету секторы әкімшілік шараларға қарамастан екі таңбалы өсімді сақтап тұр.
Тарифтік реформа салдары, ЖЖМ нарығын либерализациялау және жоғары тұтынушылық сұраныс та инфляцияға қосымша қысым түсіруде.
Бұған қоса, квазифискалдық ынталандыру сұраныс пен ұсыныс арасындағы алшақтықты ұлғайтып жатыр.
Реттеуші атап өткендей, ұзақ мерзімді инфляциялық күтулердің 14,3% деңгейіне дейін өсуі дезинфляция процесін баяулатып отыр. Қажет болған жағдайда Ұлттық банк ақша-кредит жағдайларын әрі қарай қатаңдатуға дайын.
Болжам да оптимистік емес.
2026 жылы инфляция 9,5–12,5% аралығында күтіледі.
Тек 2027 жылы ғана ол 5,5–7,5% деңгейіне дейін төмендеуі мүмкін.
Ұлттық банк қазіргі жағдайда басты мақсат — инфляцияны бақылау мен баға тұрақтылығын сақтау екенін қайталап отыр.