Әлем

Болгарияда 20 мың адам 2026 жылғы бюджетке қарсы митиңге шықты

26 қараша күні София көшелеріне шамамен 20 мыңға жуық адам шығып, оппозициялық «Өзгерістерді жалғастырамыз – Демократиялық Болгария» (WCC-DB) коалициясы әзірлеген 2026 жылға арналған бюджет жобасына қарсы наразылық білдірді. 

Наразылықтар бюджетке қатысты соңғы дауыс беру қарсаңында өтті. Жобаны азаматтар ауыр әрі халыққа қолайсыз деп есептейді. Сонымен қатар ел келер жылдың басында еуроға өтуді жоспарлап отыр.

Белсенділер билікті ашықтықтың болмауына және бюджетті қоғамдық талқылаусыз, тез өзгертуге тырысқаны үшін айыптады. Митинг кезінде үш полицей жарақат алды. Арнайы жасақ пен наразылар арасындағы қақтығыстар астана орталығында төбелеске ұласты.

Оппозиция 1 желтоқсан, дүйсенбі күні сағат 18:00-де жаңа митинг өтетінін жариялап, «Бізге өтірік айтуға жол бермейміз!» деген ұран тастады.

WCC-DB өкілдерінің айтуынша, бюджет жобасы кері қайтарылмаған, тек қоғамдық талқылаусыз тез өзгертілген. Парламенттегі жағдай оппозиция мен GERB партиясының жетекшісі Бойко Борисов арасындағы өткір сөзталастан кейін одан әрі күрделене түсті.

Бұрынғы қаржы министрі Асен Василев кез келген түзетулер 2028 жылға дейінгі толық макроэкономикалық қайта есептеуге негізделуі тиіс екенін айтты.

Оппозиция «Жаңа бастау», TISP және BSP сияқты саяси құрылымдар жобаны жанама түрде қолдап отыр деп мәлімдеді.

Ұйымдастырушылар азаматтарды митингіге бір адамды ертіп келуге шақырып, «Бюджет мафиясын тоқтатыңдар» деген үндеу жасады.

Ресми мәліметтерге сәйкес, 2026 жылы Болгарияның мемлекеттік қарызы тапшылықты және басқа да қаржылық міндеттемелерді өтеу үшін 10,5 млрд еуроға жетуі мүмкін.